• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 27 января, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Шабуылдағы шалыс қимылдар жүйкені жұқартты

Дастанның жоқтығы білінді

10/12/2025
in Футбол, Чемпиондар Лигасы
0 0
0
Шабуылдағы шалыс қимылдар жүйкені жұқартты
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Кеше “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының 6-туры аясында “Олимпиакосты” өз алаңында қабылдап, 0:1 есебімен жеңілді. Аталған кездесуге байланысты Aladop.kz тілшісі Мұхаммедқали Көбеев, жазған мақаласын назарларыңызға ұсынады. 

Чемпиондар Лигасы тарихында ең қолайсыз ауа-райында өткен кездесу

Қазақ футболының жанкүйерлері асыға күткен кешегі кездесуде Рафаэль Уразбахтин командасы минималды есеппен жеңіліп, Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Бірақ не дегенмен бұл ойын еурокубоктің басты турнирі тарихына кірді. Алматыдағы Орталық стадионынның қыс мезгілде матч қабылдауға қауқары болмағандықтан, “Қайрат” “Олимпиакосты” “Астана Аренада” қабылдады. Елордада сол уақытта температураның сынап бағанасы -28°C құрады. Сол арқылы бұл ойын Чемпиондар Лигасын тарихында ең суық ауа-райында өткізілген матч болып тіркелді. Бұған дейінгі рекорд ЦСКА клубына тиесілі болған. 2012 жылы әскерилер “Реалды” Мәскеуде қабылдағанда температура көрсеткіші -11°C көрсеткенді.

Дастанның жоқтығы білінді

Ойынға келер болсақ, Рафаэль Радикұлы клубы “Олимпиакосқа” қарсы 4-2-3-1 жүйесімен ойнады. Шабуыл шебінде ұзын бойлы бразилиялық Эдмилсон Сантос өнер көрсетті. Алайда 28 жастағы футболшы үдеден шықпады. Бірінші таймда Эдмилсон тіпті допқа дұрыс жанаспады. Одан тағысы, стандарттан бойының ұзындығын пайдаланып, Дзолакис қорғаған қақпаға қауіп төндіре де алмады. Екінші таймда Радикұлы осы Сантосты қосалқы құрамға жібере ме деп едік. Олда болмады… Ойынның қалған бөлігінде Эдмилсон өзінің баяу әрі шалыс қимылының кесірінен опық жеп қалды. Шабуылшы ойын барысында кем дегенде 2 гол соғатындай мүмкіндікке ие болды. Бірақ бразилиялық ұзын сирағын керіп болғанша, қарсыластың шапшаң қорғаушылары допты уысынан суырып әкетіп жатты. Бірнеше сәтін қолдана алмаған соң, Эдмилсонның еңсесі жерге түскен бойда алаңда құр салақтап жүгірумен болды. Шабуылшы прессингке баратын жерде де аяғын кері тартып қалды. Ақыры бапкер Уразбахтин Сантостың ойыны жүрмегеніне көзі жетті ме, ақыры оның орнына Юг Станоев алаңға шықты. Оның алдында шабуылда германиялық клубтардың назарына түскен Азамат Тұяқбаевта өнер көрсетті. Алайда Тараз тумасы «Олимпиакосқа» қарсы ойында Эдмилсонның күйін кешті. Жас шабуылшы нәтиже шығаруға әрекетін жасап, тырысып бақты. Бірақ Хосе Мендлибар қорғанысының кілтін табу Азаматқа кеше бұйырмады. Жалпы айтатын болсақ, “Қайраттың” кешегі шабуылынан қайран болмады. Осындай ойындарда Дастан Сәтпаевтың жетіспегені қатты байқалды. Келесі жылы “Челсиге” ауысатын отандасымыз “Копенгагенге” қарсы кездесуде 3 сары қағазын алып, дисквалификация алған еді. Соның зардабын “Қайрат” кешегі ойында көрді. Керек кезде соққы жасайтын шабуылшы болмай біраз сенделді.

Матчтың үздігі — Темірлан Анарбеков

“Қайрат” командасын алғаш рет капитандық таңбамен алаңға бастап шыққан Темірлан Анарбеков кешегі кездесуде «мықты қақпашы — жарты команда» сөз тіркесінің мәнін ашқандай болды. Ер Темір “Астана Аренада” болған матчта бас-аяғы 8 сейв жасап, 3 потенциалды қауіпті соққыны тойтарды. Желсон Мартинш гол соққан кезде Анарбеков қатты қателесті деп айтуға келмейді. Кезінде Португалия құрамасында ойқастап жүрген ойыншы гол соққан сәтінде шебер соққы жасады. Ондай мүмкіндіктерде барлық қақпашы лайықты деңгейде іс-әрекет жасайды деуге сену қиын. Матч соңында Чемпиондар Лигасының үздігі атанған қақпашымыз бір сәтте өзіне қатты сеніп қақпасын тастап кетті. Допты алаң шетіне шығарып жіберер кезде ол басқаша әрекет қылып, қарсыластың бос қақпаға соққы жасап кетуіне жағдай жасап берді. Бірақ абырой болғанда, “Олимпиакос” ойыншысы ондай қадамға бармады. Осы бір сәтте ғана Темірлан қателекке бой алдырды. Ал қалған бөліктерде Анарбеков допқа арыстандай атылып, менделеп тұрған шабуылшылардың бетін қайтарып тастады. Айтпақшы, кешегі кездесуде қақпашымыздан бөлек, өзіміздің бір-екі қаракөзімізде ойында сәтті өнер көрсетті. Олар Александр Мрынский, Еркін Тапалов және Олжас Байбек. Аталған футболшылар көп сәттерде Анарбеков қорғаған қақпаға бет алған қауіпті шабуылдарға бөгет болды. Өз туған күнінде Еурокубокте дебют жасап, гол соққан Александр Мрынскийде ойын өткен сайын тәжірибесін шындап келеді (17 шілде). Олда «Олимпиакоспен» болған кездесудің үздіктерінің бірі. Оның Тапаловпен бірге қорғаныстың оң қапталында келісе атқарылған жұмыстары өз нәтижесін берді. Мәселен, дәл сол ойыншылар Грекия футболының болашақ жұлдызы саналатын Христос Музакитистің адамын аштырмады.

Қорытындылай келе, “Қайраттың” кешегі ойында тек шабуыл шебі ғана сынға ұшырайтындай өнер көрсетті. Ал жартылай қорғанысы мен қорғанысы “Олимпиакостың” позициялық шабуылын барынша ұстап бақты. Бірақ бір өкініштісі нәтиже қарсыластың қоржынында кетті. Біз болсақ, Чемпиондар Лигасындағы жорығымызды ерте тәмамдадық. Бірақ соған қарамастан, осы деңгейге дейін жете алған “Қайраттың” бар футболшылары алғысқа лайық. Команданың іріктеудегі жарқын ойыны болмағанда, қазақ футболы жанкүйерлері алпауыт ұжымдардың футболшыларын бетпе-бет көрер ме еді…

Tags: «Қайрат» ФКUEFA Чемпиондар лигасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Қайраттың» сәтсіздігі бас бапкердің қателігі ме?

"Қайраттың" сәтсіздігі бас бапкердің қателігі ме?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Ең көп оқылған

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In