Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов ресми түрде Көкшетаудың «Оқжетпесіне» қосылды, дейді penalty.kz.
“Елімайдан” – “Оқжетпеске”: трансфер ресми түрде расталды
Бұл туралы команданың баспасөз қызметі Instagram парақшасында жариялады.
“Серікжан Мұжықов – енді “Оқжетпес” сапында. Қазақстан құрамасының ойыншысы Семейдің “Елімайынан” Көкшетауға ауысты”, – делінген клубтың ресми хабарламасында.
36 жастағы футболшы бұған дейін екі жақты келісім бойынша “Елімаймен” қоштасқан болатын.
Мансаптағы жолы: 374 матч, 42 гол, 48 пас
Серікжан Мұжықов – Қазақстан Премьер-Лигасының ең тәжірибелі ойыншыларының бірі:
- Кәсіби мансабын “Жетісудан” бастаған
- сондай-ақ “Қайсар”, “Астана”, ”Тобыл”, “Елімай” клубтарында өнер көрсетті
- Премьер-Лигада 374 ойын өткізді. 42 гол соғып, 48 нәтижелі пас берген
Ол – ойынды оқи білетін, пас беру шеберлігі жоғары жартылай қорғаушы.
Қазір “Оқжетпес” ҚПЛ-дың 17-турынан кейін 5-орынға жайғасқан. Мұжықовтың келуі командаға тәжірибе мен көшбасшылық қасиет қосары сөзсіз.
Фото: offside.kz.