Бұл туралы спорт журналисі Аян Төлеген өзінің Telegram-дағы парақшасында хабарлады.
Жас биші Аққудың жасы небәрі 13-те. Ол би өнерімен 4 жасынан бастап айналысып келеді. Өзінің айтуынша, би – оның эмоциясын, жан дүниесін жеткізудің ең басты тәсілі.
Аққу алдағы уақытта шеберлігін шыңдап, ірі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауды мақсат етеді. Сондай-ақ болашақта жинаған тәжірибесін өзгелерге үйрететін жаттықтырушы болуды да армандайды.
Айта кетейік, Серік Сәпиев – Қазақстан тарихындағы ең танымал әуесқой боксшылардың бірі. Ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасында чемпион атанып қана қоймай, әлемдегі ең үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогын иеленген еді.
Аян Төлегеннің айтуынша, Аққудың қимылы мен сенімді көзқарасы әкесінің 13 жыл бұрынғы жеңістерін еске салады. «Сапиевтің рингтегі жеңіл әрі нық қадамдары қазір қызы Аққудың би алаңындағы шебер қозғалысынан көрініс тауып тұр», – дейді журналист.
Фото: Жеке мұрағаттан.