Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде 14-21 қазан аралығында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, биыл біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады.
Ел біріншілігінің жеребесі бүгін, 14 қазанда тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді.
Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Ел біріншілігінде ерлер арасында 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 90 келіден жоғары салмақта жүлделер сарапқа алынады.
Ал әйелдер арасында боксшылар 48, 51, 54, 57, 60, 65, 70, 75, 80, 80 келіден жоғары салмақта сынға түседі.
Ел біріншілігі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы.