Мадридтік «Реалдың» тәжірибелі қорғаушысы Антонио Рюдигер Сауд Арабиясына жол тартуы ықтимал. Футболшыға бір емес, үш клуб қызығушылық танытып отыр, деп жазады penalty.kz.
Саудиялық клубтардың қызығушылығы
31 жастағы қорғаушыға «Әл-Наср», «Әл-Хилал» және «Әл-Иттихад» клубтары көз тіккен. Олар Рюдигердің өзіне де, «Реалға» да тиімді қаржылай ұсыныс жасауға дайын екені айтылуда.
Қазіргі жағдайы
Неміс қорғаушысының қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды. Ол биылғы маусымда небәрі бір матчқа қатысқан. Өткен маусымда барлық турнирлерде 55 ойын өткізіп, 3 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түсті. Transfermarkt дерегі бойынша, оның нарықтық құны шамамен 20 миллион еуро.
Фото: soccer-club.ru.