Грозныйлық команда өз алаңында Мәскеудің «Локомотивін» қабылдады. Кездесудің 26-минутында Самородов қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп айырмасын ұлғайтты — 2:0.
Бұған дейін ойынның 24-минутында Георгий Мелкадзе мергендік танытып, есеп ашқан еді.
Бұл — Максим Самородовтың «Ахмат» сапында өткізген 23 матчтағы төртінші голы.
Естеріңізде болса, Самородов 19-турда ЦСКА қақпасына гол салған еді.
Ал тағы бір қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек бұл кездесуді қосалқы құрамда бастады. Қазақстан құрамасының вингері әзірге «Ахмат» клубы сапында ресми матчта дебют жасаған жоқ.
Фото: “Ахмат” ФК.














