Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны және «Жетісу» командасының экс-бапкері Самат Смаков қысқы маусымаралық үзіліс кезінде «Ертістің» бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Премьер-лигаға оралған павлодарлық клуб алдына үлкен мақсаттар қойып отыр.
Смаковқа келетін болсақ, «Ертіс» басшылығы оны жас және табысқа жететін команда құра алатын бапкер ретінде көреді. Кезінде футболшы ретінде «Ертістің» намысын қорғап, клубпен бірге 1999 жылы чемпиондық титулды жеңіп алды. Сондай-ақ 2015 жылы павлодарлық клубтың намысын қорғап, капитан ретінде алаңға шығып жүрді.
46 жастағы маман «Жетісуға» дейін «Елімай» мен «Жеңісті» жаттықтырды.
Фото: Самат Смақов.














