«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының қазан айындағы матчтарына қатыса алмауы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
17 жастағы шабуылшы жамбасын ауыртып алған екен.
Сәтпаев биылғы маусымда ҚПЛ-да 12 гол соқты.
10 қазанда Қазақстан «Астана Аренада» Лихтенштейнмен ойнаса, 13 қазанда Солтүстік Македонияға қонаққа барады.