• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 27 марта, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

Сабыржан аға бандит деген атқа лайық емес

Араларында бір екі құмалаққа бола осындай арда азаматтардың атына кір жақпайық

17/02/2026
in Тұлға мен тарих, Ұлттық спорт
0 0
0
Сабыржан аға бандит деген атқа лайық емес
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Кешелі бері Сабыржан Махметовтің қайтыс болғаны туралы біраз хабар тарады, жақсы сөздер жазылды.
Бірақ солардың ішінде «бандитизмді насихаттай бермеңдер» дегенді оқып қалдым.
Жалпы соңғы кездері 1990 жылдардың азаматтарын бандит деген көп айтыла бастады. Ішінде бандиттері де болған шығар. Бірақ Сабыржан ағаны танитын адам ретінде айтайын, ол бандит болған емес. Сабыржан аға бандит деген атқа лайық емес. Кешелі бері біраз ерліктері айтылды. Ішінде айтылмағанын жазайын.
2007 жылы Мұхтар Шаханов Халық рухы деген партияның ашылу съезін өткізді. Назарбаев билігінің «қылышынан қан тамып» тұрған кезі. Ұлы көсем ету пропагандасы шырқау шегіне жетіп тұрған кез. Оған қарсы шығу деген жүрек жұтқандық талап ететін. Сол кездері Шаханов билікке қарсы күресу үшін саяси партия, платформа құрды. Депутат кезінде айналасында құжынап жүргендердің көбі қорқып, бұғып қалды. Сол кезде айналасына нағыз жүрек жұтқандар ғана жинала бастады. Шахановтың көмекшісі болғандықтан, сахнаның артындағы жағдайлар, асханадағы жағдайлар, бәрін іштен біліп отырғанмын: кім сатқын, кім дос, кім лақтырып кетті, бәрі бәрін.
Сатқындардан бөлек ҰҚК агенттері өріп жүрді. Кімге сенеріңді білмейсің. Съезд өтетін уақыт жақындаған сайын айналамыздағы давлениеде, қысым арта бастады. Шаханов кабинетінің есігін ашып жауып адамдарды кезекпен кіргізіп отырғандықтан қысым, дәрменсіздіктер кәдімгідей сезілді. Түсініксіз торуылдайтындар көбейді. Сол кездері физикалық тұрғыдан күшті болмағандықтан әлсіздікті іштей сезіндім.
Сондай қысымдар күшейіп, жұмыс істемей жатып, отырып ақ терлей беретін сәтте, ертең съезд болады деген күні кешкісін Сабыржан Махметов бір топ спортшы жігіттермен келді. «Аға не көмек керек, ел үшін қызмет етуге келдік» деді. Біраз әңгімеден кейін Сабыржан ағаның спортшыларын менің басқаруыма берді. Шаханов маған қарап «мына балаларды сенің басқаруыңа беремін» деді. Мен оларға ертең съезд кезінде не істеу керектігін айттым. Студенттер сарайының әр бұрыштары мен залдарға орналастырдым. Айтқандай залда біраз провокаторлар болды. Аяқ қолын бұрап сыртқа шығарып отырдық.
Егер Сабаржан аға секілді батырлар болмағанда елдік, мемлекеттік мәселелерде Қазақтың есесі кетер ме еді. Сол кездері Шахановтың айналасында жүрген ешкім жалақы не ақша алмайтын. Көбі тегін қызмет етті. Оны да ескеру керек. Сол секілді Сабыржан аға да тегін қызмет етті. Шаханов бизнесмен емес, өз күнін өзі зорға көріп жүрген азамат қой. Осындай Сабыржан аға секілді азаматтардың арқасында елдігімізді көрсеттік. Заңдар бүкіл мәселелерді қамти алмайды, шеше алмайды. Кейде заң жүрмейтін жерлерде Сабыржан аға секілді батырлар Қазақтың мүддесін қорғады.
Менің білетін ол толқын ағаларымыз Мемлекетке жасаған қызметі үшін ақы алған жоқ. Мемлекеттің ақшасын, бюджетті тонамады. Жер жерге, ру руға бөлінбеді. Байлық, қызмет қумады. Халқына қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетті деп ойлаймын. Араларында бір екі құмалаққа бола осындай арда азаматтардың атына кір жақпайық. Әрине олар да пенде, пендешіліктері болады. Бірақ олардың ең үлкен ерліктері, елдік мемлекеттік мәселелерде пендешілікке салынбады. Қай жерде Қазақстанға керек болса, олар сол жерден табылды.
Енді олардың ел үшін жасаған еңбектерін айтайық, пендешіліктерін емес. Жандары жаннатта болсын. Солардан кейінгі ұрпақ біздер осы ағаларымыз секілді елге қызмет ете алсақ, мемлекет алдындағы міндеттерімізді атқара алсақ қуана алар едім.
Пікір иесі: Fazylbek Absattaruly.
Tags: аралас жекпе-жеккикбоксинг
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Қарсыластардың қателігіне біз кінәлі емеспіз — Шайдоровтың жаттықтырушысы

Қарсыластардың қателігіне біз кінәлі емеспіз — Шайдоровтың жаттықтырушысы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Ең көп оқылған

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In