Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова отандық спортқа қайта оралды. Спортшы енді жаңа маусымды елордадағы «Астана» волейбол клубында өткізбек, деп жазады 1bol.kz.
Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында клубтың формасын киген суретін жариялап, 2025–2026 жылғы маусымды «Астана» сапында өткізетінін жазды.
«Bismillah. S20 time. Season 2025/2026 in Astana team», – деп жазды спортшы.
Айта кетейік, бұған дейін спортшы Индонезияның Yogya Falcons клубының капитаны атанып, шетелдік клуб сапында өнер көрсеткен еді.
Фото: әлеуметтік желі.