Жекелей сында үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, тоғызыншы орынға көтерілді. Ал еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева өз орнын сақтап, 63-позицияда қалды.
Бұрын Қазақстан құрамасында ойнаған Зарина Диас рейтингте 30 орынға төмендеп, 262-ші орынға түсті. Сондай-ақ жас теннисші Жібек Құламбаева да 21 саты төмендеп, 340-орынға жайғасты.
WTA рейтингінің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды: көш басында Арина Соболенко (Беларусь), екінші орында Ига Швёнтек (Польша), ал үздік үштікті Кори Гауфф (АҚШ) түйіндеді.
Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина бір саты жоғарылап, әлемдік рейтингтің 12-орнына көтерілді.
Жұптық рейтингтің үздік үштігінде де өзгеріс жоқ: Катерина Синякова (Чехия), Тейлор Таунсенд (АҚШ) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) көш бастап тұр.
Фото: Getty sport.