Бұл туралы Р.Желдібай өзінің Facebook-парақшасында жазған. Айтуынша, бұл – қоғамдық қызмет.
«Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Қазақстандағы дзюдо федерациясын Қуанышбек Есекеев басқарады. Ол – Қазақстан президентінің кеңесшісі.
Фото: Руслан Желдібайдың Facebook-парақшасынан.