• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 27 марта, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Ресейлік шолушы 7:0 есебімен ұтылған «Барысты» сынап тастады

Клуб сырт айдында СКА-дан 7:0 есебімен жеңілді

04/03/2026
in Ей, бұларың не?, Енді не істейміз?
0 0
0
Ресейлік шолушы 7:0 есебімен ұтылған «Барысты» сынап тастады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Ресейлік хоккей шолушысы Алексей Шевченко ҚХЛ аясында өткен СКА – «Барыс» (7:0) матчына талдау жасады, деп жазады 1bol.kz.

Ол кездесуде 3:1 есебімен СКА жеңеді деп болжам жасағанын, алайда осыншалықты ірі есеп тіркелетінін күтпегенін айтты.

«СКА-ның жеңісін болжадым, себебі Ларионов жұмыс уақытында Миланға барып, көп нәрсе үйреніп келді. Бірақ «Барыс» деген қандай команда?! Қазір клубтың болашағына қатысты шешімдер қабылданып жатыр, келесі маусымда Михаил Кравец бас бапкерлікке негізгі үміткерлердің бірі дегенді естідім. Алайда мұндай матчтар кез келген жаттықтырушыны аутсайдерге айналдырады. ҚХЛ клубының дәл осылай ойнауға хақы жоқ», — деді Шевченко.

Сарапшы мұз айдынында бір ғана команда ойнағанын атап өтті. Сондай-ақ барлық жеті шайбаның тең құрамда соғылғанына ерекше назар аударды.

«Барлық гол тең құрамда салынды. Бұл — «Барысты» қайта құрылымдауды қажет ететініне дәлел», — деді ол.

Шевченко СКА қақпашысы Артемий Плешковтың 18 соққыны қайтарғанын атап өтіп:

«Ол өзі шаршады ма?» — деп мысқылдады.

Матчтың үздік ойыншысы ретінде хет-трик авторы Сергей Плотниковты атаса. Ал «ең сәтсіз ойыншы» деп Әлихан Өмірбековті көрсетті.

«Минус 3, бірде-бір соққы жоқ, 31 матч бойы гол соқпаған», — деп түйіндеді шолушы.

Ал матчтан кейін «Барыс» бапкері Михаил Кравец: «Мінез де, шеберлік те көрсете алған жоқпыз», — деп қысқа қайырды.

Шевченко оған өз тарапынан:

«Жаттықтырушылық жұмыс та көрінбеді», — деп қосты.

Айта кетейік, ҚХЛ турнирлік кестесінде «Барыс» Шығыс конференциясында сегізінші орыннан 11 ұпайға қалып келеді. Тұрақты чемпионаттың аяқталуына алты ойын қалғанын ескерсек, астаналық клуб 5 наурызда-ақ плей-оффқа шығу мүмкіндігін ресми түрде айырылуы мүмкін.

Фото: shaiba.kz.

Tags: «Барыс» хоккей клубыҚХЛхоккей
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Ресейлік шолушы 7:0 есебімен ұтылған «Барысты» сынап тастады

Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Ең көп оқылған

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In