«Қарабақ» «Бенфиканы» ұтқанда «Қайрат» та қарабақтықтардың ерлігін қайталаса» деп тамсандық.
Керісінше, «Қарабақтың» сол жеңісі пәле болды. «Спортинг» те жерлестерінің кебін кимеу үшін барынша дайындалды, босаңсымады.
Бүгін «Реал» тас-талқан боп ұтылды.
Енді 68 сағаттан соң «Қайратпен» ойнайды. Дүниеде жаралы арыстаннан қорқынышты нәрсе жоқ.
Енді олар ашуын «Қайраттан» алады, әрине. Бүгін бекер олай ұтылды да. Әй, бәрібір олар ашуланбаса да «Қайратқа» шамасы жетеді ғой.
Алматыда не болар екен?
Мықтыбек Оразтайұлының жазбасынан.