Петропавлдық «Қызылжар» клубындағы дереккөздің мәліметінше, қазіргі уақытта команда облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының клубы қаржыландыруға байланысты белгілі бір қиындықтарға тап болған және өтелмеген қарыздары бар. Сонымен қатар «Қызылжар» кейбір қызметтер мен тауарларды қарызға алып, оны кейін төлеуді жоспарлап отыр.
Ал клубтың жаңа иесі, инвестор Сергей Кан тағайындаған бас менеджер Әлішер Апсалямов бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Дегенмен, оның «Тобыл» мен «Атырау» клубтарындағы трансферлерге қатысы болған.
Бұған дейін БАҚ-та жекешелендірілгеніне қарамастан, «Қызылжар» клубы алдағы үш жылда облыстық бюджеттен 5,5 миллиард теңге алатыны туралы ақпарат тараған еді.
Бірер күн бұрын Сергей Кан (Forbes тізімінде 22-орын) команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысымен танысып, менеджмент пен бапкерлер штабына бірқатар тапсырма берген.














