Жуырда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыстың алғашқы күні 26 қыркүйекке жоспарланған.
Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының атынан 8 спортшы сынға түседі.
Олардың барлығы ерлер арасында бақ сынайды. Халықаралық федерацияның мәліметіне сәйкес, құрамға енген спортшылар төмендегідей:
60 келіге дейін: Алдияр Қарғұлов, Даурен Сүйеукенов
66 келіге дейін: Нұрмұхамет Ботабай, Ердәулет Босжа
73 келіге дейін: Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы
81 келіге дейін: Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек
Фото: ҰОК.