9 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні басталды.
Бүгін 5 қазақстандық спортшы екі спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
21:30 – конькимен жүгіру, 1 000 м (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Кристина Силаева
23:00 – шаңғымен тұғырдан секіру, қалыпты тұғыр (ерлер)
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 8 ақпан скиатлон бағдарламасында (10 км+10 км) Ұлттық құраманың екі спортшысы – Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков бақ сынады. Жарыс қорытындысында Әмірғали 45, Наиль 49-орын алды.
Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындары алдындағы алғашқы жаттығуын жасады.
Фото: Сали Сабыров.














