Sport АКИpress дерегінше, федерация осындай мәлімдеме жасаған. Себебі қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылғанына қарамастан, БАӘ виза бермеген.
Федерация бастапқыда жарысқа 13 боксшы қатысатынын жариялаған еді, алайда виза тек екі спортшыға — Омар Ливаза (63,5 кг) мен Алмаз Орозбековке (67 кг), сондай-ақ бас бапкер Данияр Тологон уулуна ғана берілген. Қалған он боксшыға виза беруден бас тартылған.
Виза ала алмаған боксшылар тізімі:
- Анваржан Ходжиев (48 кг),
- Мирлан Туркбай уулу (51 кг),
- Санжай Сейдакматов (54 кг),
- Рыспек Бектенов (60 кг),
- Ихтияр Нишонов (71 кг),
- Сыргак Абдыжапар уулу (75 кг),
- Омурбек Бекжигит уулу (80 кг),
- Эркин Адылбек уулу (85 кг),
- Бакыт Токтосун уулу (92 кг)
- және Мырзакир Кошалиев (92+ кг).
Қырғызстан бокс федерациясы 46 елдің спортшылары осыған ұқсас қиындыққа тап болғанын атап өтті.
Фото: flickr.com / photos / asbcboxing.














