Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортшылар туралы пікіріне қатысты өз көзқарасын білдірді. Әңгіме 20 қаңтарда Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда айтылған сөз туралы, деп жазады penalty.kz.
Мемлекет басшысы құрылтайда қазақстандық тудың ел ішінде де, әсіресе шетелде де көрінуі халықтың бірлігі мен елге деген мақтанышын білдіретінін атап өтті.
Қуат Хамитов бұл пікірге Instagram сторис арқылы жауап қатып, спортшылардың ел ішінде өнер көрсету мәселесін көтерді. Оның жазуынша, кей жағдайда спортшыларға Қазақстанда жарысқа/жекпе-жекке шығуға шектеу қойылады.

Бұл тақырып бұрын да айтылған
Хамитов 2025 жылы да осы мәселені қозғаған. Спортшы өзіне түсініксіз себептермен Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік берілмейтінін айтқан. Сол кезеңдегі оның соңғы екі айқасы ресейлік ММА промоушендерінің аясында өткен.
Фото: kazpravda.kz.














