• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 17 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Қостанай облысында экс-полицейді бокс мектебіне директор етіп тағайындаған

2016 жылдан бері қостанайлық боксшылар олимпиадалық құрамға ілікпеген

04/11/2024
in Бокс, Ей, бұларың не?
0 0
0
Қостанай облысында экс-полицейді бокс мектебіне директор етіп тағайындаған
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

«ТоболИнфо» басылымы редакцияға шағымданып келген Қостанай облысының боксшыларының шағымын жариялады, деп жазады 1bol.kz.

Қостанай бокс мектебі еліміздегі ең мықтылардың бірі екендігін жұрт баяғыда мойындап қойған. Бұл өңірдің боксы туралы айтқанда, алдымен Эрик Хакимов, Александр Мирошниченко, Берік Жаманқұлов, Иван Дычко және Василий Левит секілді былғары қолғап шеберлері еске түседі. Аға буынның соңынан ерген мықтылар жастар арасында да бар. Сондықтан соңғы уақытта бокс саласында болып жатқан жайттар көпшіліктің көңіліне күдік ұялатқаны рас.

2020 жылғы Токио олимпиадасынан бастап бокстың құлдырай бастағаны жасырын емес. Сол жылы спортшылар екі медаль иеленсе, Париж ойындарынан да боксшылармыз алтынсыз қайтты. Ал 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан бері қостанайлық боксшылар олимпиадалық құрамға ілікпеген. Мамандардың айтуынша, мұның бәріне орынсыз тағайындаулар себеп.

«Былтыр боксты басқару мектебіне директор болып Қанат Нұрпейісов келген. Алайда оның басшылығымен жағдай күрт нашарлап, бапкерлер құрамымен шиеленістер басталған. Солардың кейбірі тіпті қуылып кетті. Қуылғандардың соңғысы — Қадырбек Олжабаев. Жұмыстан шығарылған кезде ол Бахрейндегі оқу-жаттығу жиындарында жүрген, ал оның шәкірті бүкіләлемдік гимназиада чемпионы атанған», — делінген басылым жариялаған мақалада.

Бұл әрекеттердің барлығы бапкерлердің ашуына тисе керек, олар Қостанай облыстық спорт басқармасына арнайы хат та жазған. Нәтижесінде директор жылы орнын босатқан. Алайда бұл лауазымды қызметке Берік Доданов тағайындалды. Жыттықтырушылар құрамы Додановтың бокстан мүлде хабары жоқтығын айтып налиды.

«Боксшылардың бірін де танымайтын жаңа директор тағайындалды. Ол бұрын қоян-қолтық ұрыспен айналысқан. Полицияда жұмыс істеген, енді келіп аяқ астынан облыстық спорт мектебіне басшы ретінде келіп отыр. Меніңше, бұл адам не бокс ұжымын, не еңбекті ұйымдастыруды, не оқу-жаттығу процесін білмейді. Ол жақта мүлде бөлек адам – осы саладан хабары бар адам отыруы керек», — деді спорт ардагері Аманбек Әбікенов.

Фото: boxing-academy.ru.

Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
18 жастағы қазақ футболшысы Португалияда жеңіс голын соқты

18 жастағы қазақ футболшысы Португалияда жеңіс голын соқты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін ірі жеңіспен аяқтады

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін ірі жеңіспен аяқтады

16/10/2025
Шерхан Қалмырза қажылыққа барады

Қазақстандық 19 жастағы футболшы матч кезінде қайтыс болды

16/10/2025
Шерхан Қалмырза қажылыққа барады

Головкин мен Кроуфорд айқасы туралы ақпарат шықты

16/10/2025
Шерхан Қалмырза қажылыққа барады

Әділбек Жақсыбековтың адамы хоккей федерациясына басшылыққа келді

16/10/2025

Ең көп оқылған

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін ірі жеңіспен аяқтады

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін ірі жеңіспен аяқтады

16/10/2025
Шерхан Қалмырза қажылыққа барады

Қазақстандық 19 жастағы футболшы матч кезінде қайтыс болды

16/10/2025
Шерхан Қалмырза қажылыққа барады

Головкин мен Кроуфорд айқасы туралы ақпарат шықты

16/10/2025
Шерхан Қалмырза қажылыққа барады

Әділбек Жақсыбековтың адамы хоккей федерациясына басшылыққа келді

16/10/2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін ірі жеңіспен аяқтады

Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін ірі жеңіспен аяқтады

16/10/2025
Шерхан Қалмырза қажылыққа барады

Қазақстандық 19 жастағы футболшы матч кезінде қайтыс болды

16/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In