Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 29 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 18:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 76 мәрте шеберлік байқасты. Оның 25-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті. Кейінгі бес кездесудің біреуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті.
Турнир кестесінде «Барыс» 19 ұпаймен 15-орынға жайғасса, «Авангард» 25 ұпаймен 7-орында келеді.
Елордалық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын сырт айдында 31 қазанда Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.
Фото: «Барыс» хоккей клубы.













