Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді.
Биыл «Барыс» он кездесудің төртеуінде басым түсіп, қалғанында жеңілістің ащы дәмін татты.
Ал «Сибирь» он кездесудің төртеуінде қарсыласын қапы қалдырды.
Турнир кестесінде «Барыс» 11 ұпаймен 15 орынға жайғасса, «Сибирь» 8 ұпаймен 20 орында келеді.
Екі команда үшін бүгінгі ойында жеңіс қажет болатын. Сондықтан алғашқы минуттан олардың тарапынан белсенділік байқалды. Десе де негізгі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ойын овертаймға ұласып, сол арқылы жеңімпаз анықталды. Бұл кезеңде Никита Сошников мергендік танытты.
Елордалық клуб тағы екі ойынын сырт айдында өткізіп, Ресейде 7 қазанда «Ак Барс» (Қазан), 9 қазанда «Трактор» (Челябі) командаларына қарсы ойнайды.
Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Локомотивтен» жеңіліп қалды.
Фото: «Барыс» хоккей клубы.