Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 9 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 57 мәрте кездескен. Оның 29-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 12 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Трактор» 14 ұпаймен 12-орында келеді.
Елордалық клуб бес ойынын елордада өткізеді. Алдымен 12 қазанда Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасын қабылдаса, одан кейін 14 қазанда «Сибирь» (Новосібір), 16 қазанда «Авангард» (Омбы), 18 қазанда «Ак барс» (Қазан), 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) клубымен шеберлік байқасады.
Фото: «Барыс» хоккей клубы.