Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ұйым құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бейресми мәліметтерге сәйкес, федерация басшысына жақын тұлғалардың бірі Арсен Ахат КФФ басшылығындағы қызметтердің бірін атқаруы мүмкін.
Бұған дейін федерацияда өткен жылы қысқартылған вице-президент лауазымы қайта енгізілетіні белгілі болған еді.
Арсен Ахат Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған. Ол бұл оқу орнында Марат Омаровпен бірге білім алған. Бұған дейін Ахаттың футбол саласына қатысы болмаған, алайда қазір қазақстандық футболды дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеу мәселесін қадағалап отыр.
Омаровқа жақын тағы бір тұлға – Бекжан Сафинов. Қазіргі таңда ол ҚФФ-да басқарушы директор қызметін атқарып жүр.
Фото: ҚФФ.














