• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Жекпе-жек

Қазақтың каратэші қыздары Қытайда 1 күміс, 2 қола еншіледі

Қазақстан командасы сапында 13 каратэші өнер көрсетті

17/03/2025
in Жекпе-жек
0 0
0
Қазақтың каратэші қыздары Қытайда 1 күміс, 2 қола еншіледі
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қытайдың Ханчжоу қаласында каратэден премьер-лига санатындағы 2025 жылдың екінші жарысы аяқталды, деп жазады 1bol.kz.

Қазақстан каратэ федерациясының мәліметінше, Karate 1-Premier League — осы спорттағы ең беделді турнир. Оған рейтингтегі TOP-32 спортшы ғана жолдама алады.

Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының 3 спортшысы кумите бағдарламасында жүлдеге қол жеткізді. Топта барлық қарсыласын ұтқан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) финалда Алжир спортшысы Силия Уикенмен тең түсіп (8-8), SENSHU (бірінші ұпай алған спортшы жеңісі) бойынша есе жіберді. Мөлдір қаңтар айында Парижде өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола жүлдегер атанған.

Осыдан кейін жартылай финалда сүрінген Әсел Қанай (61 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) кіші финалда қарсыласын ұтып, қола медаль иеленді. Еске сала кетейік, Әсел мен Софья қыста Парижде күміс жүлде жеңіп алған.

Барлығы бұл жарысқа 68 елден 400 спортшы қатысты. Қазақстан командасы сапында 13 каратэші.  Айта кетейік, Ханчжоуға ең көп спортшыны Жапония құрамасы алып барады (30 спортшы). Одан кейін Италия (29), Франция мен Түркия (21 адамнан).

Осыдан соң премьер-лиганың (Karate 1-Premier League) келесі кезеңі Каир (18-20 сәуір) мен Рабат (30 мамыр — 1 маусым) қаласына көшеді. Қазақстан каратэшілері Париждегі жарыста 2 күміс, 3 қола медаль алған.

Фото: Қазақстан каратэ федерациясы.

Tags: КаратэҚазақстан каратэ федерациясы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Елена Рыбакинаның рейтингі күрт түсіп кетті

Елена Рыбакинаның рейтингі күрт түсіп кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

«Барыс» КХЛ рейтингінде үздік бестікке кірді

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

АҚШ-та балаларды зорлаған гимнастика жаттықтырушысы сотталды

19/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In