Германиялық «Вест Кельн» жасөспірімдер командасының 13 жастағы жартылай қорғаушысы Тәңіржан Еғалиев аймақтық құрама сапында оқу-жаттығу жиынына шақырылды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық ойыншы DFB (Германия футбол одағы – еск.) жарысы алдындағы дайындық кезеңіне қатысатын Орталық Рейн аймағының 33 футболшысы тізіміне енді. U-14 құрамасының сапында Кельн, Бонн, Ахен және басқа да аймақтардың өрендері бар.
Еғалиев – «Ордабасы» футбол орталығының түлегі. Жартылай қорғаушы Германияға 2024 жылы қоныс аударып, дебюттік маусымында «Вест Кельн» сапында өз дивизионының чемпионы атанды. Сонымен қатар, ARAG Jugendpokal және Isotec-Sportcup сияқты аймақтық жасөспірімдер кубоктарын жеңіп алды.
Айта кетейік, соңғы бес матчта жас футболшы төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.














