Теннистен Франция ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде керемет драма болды. Александр Шевченко матчты жеңіліспен бастап, жанкүйерлердің үмітін қайта жақты, деп жазады penalty.kz.
Шевченко — ерік-жігер иесі
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турниріндегі іріктеу кезеңінің нағыз кейіпкеріне айналды. 24 жастағы спортшы француз Матис Эрхардпен (Әлемнің 268-ракеткасы) өткен матчта бірінші сеттен кейін 0:1 есебімен ұтылып жатса да, ойын барысын түбегейлі өзгертіп жеңіске жетті.
Матч қорытындысы: 3:6, 6:3, 7:6 (10:5) — үш сетке созылған тартысты кездесу 2 сағат 49 минутқа жалғасты. Бұл — биылғы іріктеу матчтарының ішіндегі ең драмалық әрі әсерлі ойындардың бірі болды.
Келесі қарсылас — Австрия өкілі
Александр Шевченко іріктеудің шешуші кезеңіне өтті. Енді ол әлемнің 155-ракеткасы, австриялық Филип Мисоличпен кортқа шығады. Бұл кездесу Шевченко үшін негізгі сеткаға жолдама алу үшін өте маңызды болмақ.
Еске салайық, алғашқы айналымда Шевченко жапониялық Шинтаро Мочизукиді (157-ракетка) үш сетте жеңген 6:7 (2:7), 6:2, 6:4.