Белгілі балуан Алматы облысының Балқаш ауданындағы спорт мектебіне директоры қызметіне бекітілді. Бұл туралы спортшы 1bol.kz тілшісіне айтып берді.
«Бүгіннен бастап Балқаш ауданындағы спорт мектебінің директоры қызметін атқарудамын», — деді спортшы.
Руслан Әбдіразақов көпшілікке қазақ күресі арқылы кеңінен танымал. Ол «Қазақстан барысы» турнирінің тұңғыш чемпионы Ұлан Рысқұлдың туған інісі.
Ол дзюдо күресінен ел чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Сондай-ақ, 2014 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында белдесті. Бұдан бөлек, қазақ күресінен 2019 жылы 100 келі салмақта әлем чемпионы атанды.
Фото: Әлеуметтік желіден.