Қазақстандықтар Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кукушкин Лион (Франция) челленджер турнирінің іріктеу кезеңін сәтті өткізді.
Дүниежүзілік рейтингіде 282-орында тұрған Б.Жұқаев іріктеу сайысының жартылай финалында әлемнің 263-ракеткасы, литвалық Эдас Бутвиласты 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Бейбіт іріктеудің финалында әлемнің 207-ракеткасы, ұлыбританиялық Джордж Лоффагеннен айласын асырды – 6:4, 6:4.
Рейтингіде 317-сатыдағы М.Кукушкин алдымен әлемнің 201-ракеткасы, бельгиялық Жиль-Арно Бэйиді ойсырата жеңді – 6:1, 6:3.
Содан кейін қазақстандық теннисші әлемнің 277-ракеткасы, ресейлік Марат Шариповты жолдан тайдырды – 6:4, 6:4.
Осылайша, негізгі кезеңге жолдама алған Б.Жұқаев алғашқы айналымда әлемнің 100-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфпен, М.Кукушкин рейтингіде 124-орындағы ұлыбританиялық Билли Харриспен шеберлік байқасады.
Фото: ҰОК.














