Испанияның Понтеведра қаласында басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында екі қазақстандық балуан қола медальға таласады, деп хабарлайды ҚР ҰОК.
55 кило салмақта Айбек Айтбеков турнир барысында Испания мен Грузия балуандарын айқын басымдықпен жеңді. Алайда жартылай финалда америкалық қарсыласына айла көрсете алмай, кіші финалда күресу мүмкіндігін алды.
87 килода Темірлан Тұрдыақын да қолаға күреседі. Темірлан Түркия және Жапония елінің балуандарын жеңді, алайда жартылай финалда әзербайжандық қарсыласына есе жіберді.
Екі спортшымыз да бүгін кіші финалда бақ сынайды.
Айта кетейік, Понтеведрадағы әлем чемпионатына балуан Ризабек Айтмұхан да аттанды. Ол өз салмағындағы фавориттер қатарында. 6 қыркүйек күні боз кілемге шығады.
Фото: ©️ olympic.kz.