• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Қазақстандағы тағы бір футзал командасы жабылуы мүмкін

«Жетісу» Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекесінде «Қайратты» жеңген

01/06/2025
in Ей, бұларың не?, Футбол
0 0
0
ПСЖ «Интердің» тас-талқанын шығарып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Футзалдан Жетісу облысының намысын қорғап жүрген «Жетісу» командасы жабылып қалуы мүмкін. Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекесінде «Қайратты» алғашқы ойында жеңген клубқа келесі маусымда әкімдік ақша бермеуді жоспарлап отырған көрінеді. Бұл туралы жергілікті журналист Серік Қантаев жазды, дейді 1bol.kz.

«Келер маусымда Жетісу облысының басшылығы «футзал қалсын ба, қалмасын ба?» деп бас қатырып отырған көрінеді. Өсу бар, нәтиже жақсарып келе жатқан команданы жоқ қылып қарап отырса, басшылықтың өзіне сын болар еді. Облыста нәтижесі төмен, жергілікті ізбасарларынан гөрі өзгелерге көп сенім артатын спорт түрлері де бар еді. «Жетісу» сапындағы жергілікті ойыншылардың деңгейі өсті. Әлімжан Сейітнұр (чемпионатта 3 гол салды), Дәурен Қайратұлы (жас қақпашы чемпионатта 42 ойынға шықты) 19 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бексұлтан Тілеухан, Мәди Саматұлы, Мадияр Тұрғанбай, Мәди Маратұлы сынды жас талдықорғандықтар да жастар құрамасына кандидат болды. Одан бөлек, Болат Сарбасов, Жомарт Тоқаев, Төрехан Досов, Нұрсұлтан Таңатұлы бүгінгі қазақ футзалының үздіктеріне айналды. Егер барлық команда легионерсіз ойнаса, «Жетісу» чемпион болар еді. «Жетісу» футзалының соңынан еріп келе жатқан «іні командалары» (жастар, жасөспірім, балалар командасы) да жақсы нәтиже көрсетіп жүр», — дейді Серік Қантаев.

Оның айтуынша, «Жетісудың» тұрақты чемпионатта жоғары орындардан көрінуге мүмкіндігі болған. Алайда жаттығу барысында жарыстарға байланысты «Жастардың» босамауы, қосымша «Жастар-2» (ағаш еден) залының да үнемі қолжетімді болмауы салдарынан аудан орталықтарындағы бетон төселген жерде ойнаған.

«Сөйтіп жүргенде команданың лидер ойыншыларына айналып келе жатқан Нұрқанат Бақтияров сынды футзалшылар аяғын сындырып алып, маусым соңындағы негізгі ойындардан тыс қалды. Көптеген кедергілерді жүріп өткен команданың бас көтеріп, еліміздегі мықтылармен терезесі тең ойнағаны қуантады. Футзалдан ел чемпионатының плей-офф кезеңдері өтіп жатыр. Турнирлік кестеде екінші орын алған «Қайрат» пен жетінші орынмен шешуші кезеңге шыққан «Жетісу» арасындағы кездесу тартысты өрбуде. Бірінші ойында «Жетісу» (3:2), екінші матчта «Қайрат» (6:3) жеңді. Бүгін Алматыда үшінші кездесу болады. Жеңгені жартылай финалға өтеді. Осыған дейін «Қайратты» плей-офф кезеңінде негізгі уақытта ешбір клуб жеңбеген («Семей»қосымша уақытта ұтты). Кешегі ойында «Қайрат» қанша легионері бар, соның бәрін алаңға қоя берді», — дейді журналист.

Бұған дейін былтыр Ақтөбенің «Рахмет» командасы жабылып қалған.

Фото: instagram.com/mfc.jetisu.

Tags: «Қайрат» ФКЖетісу ФКфутзал
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
ПСЖ «Интердің» тас-талқанын шығарып, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды

ҚФФ төреші тарапынан «Ордабасыға» қиянат жасалғанын мойындады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In