Ташкентте өткен матчта Денис Мамонов жаттықтыратын футболшылар Өзбекстанның U20 құрамасынан 1:0 есебімен жеңілді.
Ойынның 84-минутында Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы өз айып алаңында қателесіп, оны 17 нөмірлі жейдедегі футболшы Абдурахмонов оңтайлы пайдаланып, жеңісті голды соғып кетті.
Бұған дейін жастар Еуро-2027 іріктеуі аясында Андорра (0:1) мен Англиядан (0:2) есебімен жеңілді.
Айта кетейік, қос құрама арасында екінші жолдастық кездесу өтеді. Матч 14 қазанға жоспарланды.
Фото: ҚФФ.