Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында су добынан ұлттық құрама Оңтүстік Кореяны ойсырата жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды penalty.kz.
1/4 финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесіп, 22:9 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бұл матч қазақстандық спортшылардың басымдығын көрсетіп, қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді.
Қазақстан жартылай финалда Жапония – Гонконг кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Фото: Instagram/@qaz_team_official.