• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ей, бұларың не?

Қазақстан құрамасының бас бапкері «Қызылжардан» 200 миллион теңге талап еткен

Клуб өз кезегінде бұл өтемақыларды төлеуден бас тартқан

29/07/2025
in Ей, бұларың не?, Ұзынқұлақ, Футбол
0 0
0
Қытайдағы қазақ қызы Гранд-Слэмде күміс алды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының жаңа басшылығы мен команданың бұрынғы бас бапкері, қазіргі Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Әли Әлиев арасындағы сот дауы жалғасып жатыр, деп жазады 1bol.kz.

«Орда» басылымының жазуынша, Әлиев клубтан жүлделі орындар үшін төленетін бонус, жалақы қарызы мен өтемақы талап етіп отыр. Жалпы сома — 201 миллион теңге.

Бұған дейін БАҚ-та Әлиевтің «Қызылжардағы» айлығы шектен тыс жоғары болғаны айтылған еді. Нақтырағы, ресми түрде 1 миллион теңге деп көрсетілгенімен, оған ай сайын 10 миллион теңге төленіп отырған. Алайда клуб басшылығы ауысқан соң бұл төлемдердің заңды тіркелмеген еңбек келісімшартына негізделгені анықталды.

Петропавлдың азаматтық соты клубтың талабын қанағаттандырып, тіркелмеген келісімшартты заңсыз деп таныды. Сот 2024 жылғы жалақыны қайта есептеуді міндеттеді. Алайда Әлиев бұл шешіммен келіспей, 2025 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан футбол федерациясы жанындағы дауларды шешу палатасына жүгінген.

Ол арызында клубтан екінші келісімшарттың бұзылуы үшін 120 млн теңге, 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларына тиесілі 40 млн теңге жалақы қарызы, сондай-ақ турнир кестесіндегі бесінші орын үшін 20 млн, чемпионаттағы 11 жеңіс үшін 11 млн және еңбек келісімшартын жасағаны үшін жеке бонус ретінде 10 млн теңге талап етті.

Клуб өз кезегінде бұл өтемақыларды төлеуден бас тартқан. Дауларды шешу палатасына жолдаған ресми жауабында клуб қосымша келісім бойынша қарызды өтеу кестесін бекітуді ғана сұраған.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысында:

«Әли Әлиевтің 9 қаңтардағы өтінішіне жауап ретінде серіктестік өтемақы ретінде 120 млн теңге және 40 млн теңге көлеміндегі төлемдерді төлеуден бас тартқаны көрсетілген», – делінген.

Кейін Петропавл қалалық №2 соты клуб пайдасына шешім шығарып, Әлиевтің шағымын қанағаттандырған жоқ.

Ал 25 шілде күні Петропавлдың азаматтық соты жаңа шешім қабылдады: ол «Қызыл-Жар СК» ЖШС-нің талабын қанағаттандырып, 2022-2023 жылдарға арналған еңбек келісімшартына жасалған екі қосымша келісімді заңсыз деп таныды. Сондай-ақ Әли Әлиевтен клуб өкілінің қызметі үшін 1 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім шығарылды. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, «Қызылжар» Қазақстандағы ең бай клубтардың алғашқы бестігіне кіреді. 2025 жылға арналған бюджеті — 2 миллиард теңге. Командада 11 легионер бар. Алайда петропавлдық клубтың Премьер-лигадағы жағдайы мәз емес. Жақында команда тағы бір ойында жеңіліп қалды. Енді алда тоғыз кездесу бар.

Фото: ҚФФ.

Tags: «Қызылжар»Әли ӘлиевжемқорлықҚазақстан ұлттық құрамасыҚазақстан футбол федерациясы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Қытайдағы қазақ қызы Гранд-Слэмде күміс алды

Әлімханұлының атағына міндетті үміткер анықталды: өтетін орны мен күні белгілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In