Бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі кездесуіне қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады.
Ұлттық құрама өз алаңында 10 қазанда Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.
Қақпашылар: Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Кажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі — «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі — «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Жеңіс»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Дінмұхаммед Кашкен («Жетісу»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі — «Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі — «Елімай»).
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы.