Иордания астанасы Амманда өткен джиу-джитсудан жастар мен ересектер арасындағы 9-шы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп жазады 1bol.kz.
Сары құрлықтың басты бәсекесінде отандастарымыз 74 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты.
Байрақты бәсекеге 27 елден 778 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық спортшылар 21 алтын, 27 күміс және 26 қола медаль еншіледі.
Екінші орынды Таиланд иеленсе, үздік үштікті Вьетнам құрамасы түйіндеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы.