Шаршы алаңға алғаш болып шыққан қыздар арасында 48 келіде жұдырықтасқан Гүлназ Бөрібаева топ жарды. Ол финалда өзбекстандық Робияхон Бахтиёровамен кездескен. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Бөрібаеваға берді.
Осылайша Гүлназ Бөрібаева – 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы, ал қарсыласы Робияхон Бахтиёрова күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия біріншілігі World Boxing ұйымы өткізген алғашқы құрлықтық чемпионат болды.
Фото: Бокс федерациясы.