«Генк» академиясының 16 жастағы шабуылшысы Шахмұрат Дәулетов нидерландық «Маастрихттің» жастар командасына қарсы жолдастық кездесуге қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық ойыншы «Генк» U-19 мен «Маастрихт» U-21 арасындағы матчта 45 минут алаңда өнер көрсетті. Бұл кездесу бельгиялықтардың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Негізінен вингер позициясында ойнайтын ол бұл жолы орталық жартылай қорғаушы рөлін атқарып, екі гол алдындағы пастың авторы атанды.
Дәулетов салған голдың бейнекескіні
Айта кетейік, бұл ойынға «Маастрихттің» 23 жастағы вингері Илану Силва Тимаш та қатысты. БАҚ мәліметінше, ағымдағы трансферлік кезеңде нидерландық клубтың футболшысы «Ақтөбеге» ауысуға жақын болған.
Еске салайық, ақпан айынан бастап Дәулетовтің мүддесін Милош Керкез және Федерико Кьеза сынды ойыншылармен жұмыс істейтін LIAN Sports Group агенттігі қорғайды. Қазіргі таңда қазақстандық футболшыға «Гент» пен «Андерлехт» клубтарынан ұсыныс түскен.
Фотода: Шахмұрат Дәулетов














