• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Қазақ боксы тоқыраған жоқ

Елін жамандаған көмусіз қалады

13 декабря, 2024
in Бокс, Тұлға мен тарих, Ұлттық спорт
0 0
0
Қазақ боксы тоқыраған жоқ
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Азия чемпионатындағы Санжар Тәшкенбайдың күмәнді жеңілісінен кейін «сараптаманы бокстың мықты шеберлері мен кінәгі бапкерлері жасаса екен» деп тілек қалдырып едім. Қайдан. Мысық сияқты манаурап, еріккен сарт сияқты жұмыртқасын уқалап жатқан диван батырлар екі алақанына шырт түкіріп орындарынан атып тұрды. «Ойбай, қазақтар оңбай жеңілді. Өзбектер мықты. Екінші құрамының өзі біздің мықты боксшыларымызды қуып жүріп сабады». Түкірігі шашырап айтатындары осы.
Апыр-ау, айдаладағы біреуді зор көріп, өз қазағыңды қор көру қайдан шыққан қасиетсіздік.
Өзімді айтсам. Халықаралық жарыстарды айтпағанда үш олимпиада ойындары, үш Азия ойындарынан репортаж жазған спорт журналисімін.Кілемге яки шаршы алаңға шыққан спортшылардың алғашқы қарымына қарап қайсы жеңетінене баға беретінмін. Көбіне, жорамалым дұрыс шығатын. Сонда да болса мақала жазарда білікті бапкерлердің пікірін сұрап алатынмын.
Бокстан көбіне көп арқа сүйейтінім мемлекеттік жаттықтырушы болған Серік Әбденәлиев ағамыз еді. Өте білгір кісі. Әр раундты шемішке шаққандай талдап берер еді.
Ал, мына жау шаптылайтын диван батырларға эксперт керегі жоқ. Өмірінде бокс қолғабын киіп көрмеген мұндарлар Серік аға сияқты бокс корифейлерінен де «мықты талдайды». Оған бір мырыңбайлар қосылып, тамаша айттың деп қол соғады.
Бірден айтайық. Спорт саясаттанып кетті. Үлкен спортта ел намысынан бөлек, жекелеген тұлғалардың менмендігі, атаққұмарлығы, даңқ пен дақпырты қоса жүреді.
1996 жыл. Атланта олимпиадасының алды. Ташкент. Азия чемпионаты. Айдарынан жел есіп тұрған Қазақстан құрамасы күміс, қоланы қоспағанда 6 алтын медаль алды. Қалғаны бесеуі Азияға келген отыздан астам елдің еншісінде. Сол қазақ құрамасы Атлантада 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен оралды. Ең мықты боксшыға берілетін Бэл Баркер Кубогі Василий Жировтың қолтығында. Кейін Әбдісалан ағадан сұрадым. «Ташкент қиянат қылмай қалай алты алтын беріп жіберді» деп. Ол айтты. «Ұрыға» бардым. Алдынан өттім. Біздің балалар жеңсе бересіңдер. Теңбе-тең түссе жеңіс сендердікі. Осылай келістік». «Ұрының» кім екенін шамалап отырған шығарсыздар.
Міне, қараңыздар текетірес қай кезде басталғанын.
2011 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында олар қазақ құрамасын «оңбай сындырды». Көнге тігілген 10 алтынның 9-ын өздеріне қалдырды.
Бізден Левитке берді. Қазаққа емес. Қазақ құрамасы қай кезде де мықты болған. Бірақ, бізде спортқа қылмыстық элементтер араласпайды. Тек, Белградта өткен әлем чемпионатында ел аузында «Дикий Арман» деп аталып кеткен ініміз жүрді. 2 алтын, 2 күміс. Өзбек құрамасы соңымызда қалды.
Мойындау керек, ала топылы ағайынның бізден гөрі ауызбіршілігі, ынтымағы мықты. Біздің атақты бапкерлер бір-бірімен қырғиқабақ болып жүргенде олар бір мақсат, бір мүддеге қызмет етеді.
Атақты Атланта олимпиадасынан кейін 1997 жылы Алматыда өткен ІІ Орта Азия оындарында Өзбекстан құрамасы қазақтарды өз елі, өз жерінде жеңіп, командалық бірінші орынды алды. Біздегі сатқындардың, Отырардың қақпасын Шыңғыс ханға ашып беретін Қараша сияқтылардың көмегімен. Ол туралы кейін кеңіреп жазармын.
Енді Тайландта өткен Азия чемпионатына келейік. Сержан Бекманұлы деген азаматтың жазғанын оқыдық та қалам алмасқа шарамыз қалмады.
«Көңілімізді Санжар Ташкенбай су сепкендей басты» дейді.
Өз бағалауымда Санжар жеңді. Өз ұлтымның баласы болған соң бұрын тұрмын ба деп бокстан спорт шебері Абат Адырбековтен сұрадым. «Санжар күмәнсіз жеңді. Бірақ, физикалық дайындығында кемшіні бар» деді.
Екінші раундтағы нокдаунға келейік. Бетпен сипай тиді. Дұрысы сүріп тиді. Тасырмасы бар реферий бірден есеп ашты. Егер ондай соққыларға нокдаун аша берсек Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын шаршы алаңның бұрышына тіреп қойып, дәл бес-алты таза соққы жасады. Әр қайсына нокдаун ашуға болатын соққылар.
Сержан бауырым айтқандай таза «масқара» Оразбек Асылқұлов, Дулат Бекбауов, Абылайхан Жүсіпов және Диас Молжігітов өзбек боксшыларымен кездесуінде болыпты. Анау айтатындай, өзбек боксшылары жауынгерлік мінез көрсетіпті де, біздің жігіттердің екінші раундтан кейін демі бітіп, қарсыласына жабыса беріпті.
Ал, айтайық. Бесінші бұрышты іздеп қашқан қазақты көргем жоқ. Тактикалық әдіс. Шегініп соғыс салу. Өйткені, алдында, шеберлігі кемшін болғанымен физикалық қуаты күшті, өңмеңден сүзе бокстасатын боксшылар тұр.
Өзбек боксшылары жақсы біледі. Теңбе тең түссе төрешілер жеңісті бір ауыздан алып беретінін. Сол үшін бас бапкер Толқын Кличев айтқандай «артистік қылың»-ды жасайды. Жеңіліп жатқанын сезсе баспен сүзіп, қабақты жарып жібереді. Сондықтан да біздің боксшылар шегіне ұрыс салады.
Бар ақиқаты осы.
Ал, әлгі Сержан бауырым жерден алып жерге ұрып жатқан Абылайхан Жүсіпов әлемдік санаттағы ең үздік боксшылардың бірі.
Таза классикалық үлгі. Серік Сәпиев пен Данияр Елеусіновтің лайықты ізбасары. Лас бокс пен классика. Таза жеңді. Сырбаз. Бекзат жігіт қарау төрешілер жеңісін ұрлап алса да сыр білдірмей кетті.
Ал, Дулат Бекбауовқа да өз басым ризамын. Жеңіске қалай жетудің жолын біледі. Марапаттауға шықпай қалса мінезі. Дүние жүзіне қараулықты осылай да танытуға болады.
Мойындайық. Егер Сәкен Бибосынов пен Ерасыл Жәпеков өзбек болғанда екеуіне де таза жеңіс жазылар еді.
Ғафур Рахимов пен Абдулатипов-Кремлев жүйесі қазақ боксына сор болып тұр.
Азат Әміртай інім «Егер Өзбекстан бірінші құрамамен келгенде не болатын еді» дейді. Постына «быт шыт болып жеңіліп қайтар еді» деп жаздым. Диван батырлар, өттерің жарылып кетсеңдер де айтайын, қазақ боксшылары қарсыласынан емес төрешілерден жеңіліп қор болып жүр.
Өзбек боксының басында тұрғандарға рахмет, жігіттерінің рухын көтере алды. Сенімін нығайтты. Артында үлкен күш тұрғанын аңғартты.
Бір артықшылығы, өзбек боксшыларының әл-қуаты мықты. Жаттығудан бөлек үйінде қара жұмысты жапырып істейді.
Біздің кемшін түсіп жатқан жеріміз осы болу керек. Баяғы, Ермахан Ыбырайымовтай «келсең кеңге» басып, бетпе-бет қойғыласу жоққа тән. Айбек Оралбайұлы сияқты жампоздар болмаса.
Бұрын айтқам. Қазір де айтам. Таза төрешілік болса біздің Сәкен Бибосынов он Баркер Кубогін арқалап келсе де Хасанбой Дусматовты бір шыбықпен айдап алады.
Диван батырлар! Сендерге үлкен өтініш. Онсыз да әділетсіз төрешілерден қорлық көріп жүрген бауырларыңды жерге ұрмаңдар. Сараптама жасағыларын келсе, боксты жақсы білетін спорт майталмандары және білікті бапкерлерден сұрап талдау жасаңдар.
«Өз елін жамандағандар көмусіз қалады» дегенді айтқан мен емес, еліміздің ақылмандары. Қазаққа қазақтан басқаның жаны ашымайды. Солай.
@Бактияр Тайжан
Өз тарапымнан жарыс өтіп жатқан залдағы өзбек фанаттарының «қолдауын» қоса кетер едім. Рингке шыққан өзбек боксшысы жұдырық сілтесе болды, тисін-тимесін залды у-шу қылып қиқуға басады, әлгілер. Бұл төрешілерге қатты қысым болады. Әлгілердің шуына бұлар өзбектің жұдырығы дәл тиген ғой деп есеп жаза беруі мүмкін. Басқа елдердің бокс қолдаушылары жоқ па, өзбектер рингте жоқ кезде тып-тыныш жарысты көреміз.
Фото: ҰОК.

Есенғұл Қараша

Tags: Санжар ТәшкенбайСәкен Бибосынов
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Черчесов Қазақстанды әлем чемпионатына шығара алмайды – Ольга Смородская

Черчесов Қазақстанды әлем чемпионатына шығара алмайды – Ольга Смородская

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

5 мая, 2025
Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

Төрешілерді айыптаған «Қайсардың» бас бапкері кешірім сұрады

6 мая, 2025
Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

Самородов РПЛ-дегі жетінші голын соқты

5 мая, 2025
Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

Умар Кремлев ІВА-ның бокстағы жетекші ұйым болып қалатынын мәлімдеді

6 мая, 2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Ең көп оқылған

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Қуат Хамитов өзінің болашақ жарын көрсетті

2 июля, 2025
Алуа Балқыбекова АҚШ боксшысын жеңді

Назым Қызайбай Әлем кубогының жартылай финалына шықты

2 июля, 2025

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Бекзат Нұрдәулетов пен Санжар Тәшкенбай келесі кезеңге өтті

2 июля, 2025
Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

Ақмарал Науатбекке жаңа көлік табысталды

2 июля, 2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In