Аса ауыр салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек Таиландта өтті. Отандасымыз 11-ші жеңісін тойлады, деп жазады penalty.kz.
Жекпе-жек барысы
Асхат Жантұрсыновтың қарсыласы жергілікті боксшы Аписит Сангмуанг болды. Төрт раундқа жоспарланған айқас ұзаққа созылған жоқ.
Жекпе-жектің екінші раундында қазақстандық боксшы алдымен қарсыласын нокдаунға жіберіп, артынша апперкот соққысымен нокаутқа түсірді.
Рекорд жаңарды
Бұл жеңістен кейін Асхат Жантұрсыновтың кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 11 жеңіс, 1 жеңіліске жетті. Оның 10 жеңісі нокаутпен аяқталған.
Ал Аписит Сангмуанг үшін бұл 15-ші жеңіліс болды. Сонымен қатар, тай боксшысының еншісінде 22 жеңіс (оның 17-сі мерзімінен бұрын) және екі тең нәтиже бар.
Фото: Vesti.kz.














