• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 27 марта, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Қарсыластардың қателігіне біз кінәлі емеспіз — Шайдоровтың жаттықтырушысы

Видеосұхбат төменде жарияланып отыр

17/02/2026
in Енді не істейміз?, Олимпиада
0 0
0
Қарсыластардың қателігіне біз кінәлі емеспіз — Шайдоровтың жаттықтырушысы
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы жас талант Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған кезде оның жаттықтырушысы Алексей Урмановқа видеоқоңырау соғып, әңгімелескен екен. Оны әріптесіміз бүгін Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады SportPress.kz.

-Милан уақыты  түнге жақындап, бізде түн ортасы болғанда Шайдоровты Олимп шыңына жетелеген бапкер, даңқты спортшы, Олимпиада  чемпионы Алексей Урмановпен видеоқоңырау арқылы тілдестім. Спорт әлеміндегі аңыз адамдардың бірі болғандықтан, қобалжығаным рас. Бірақ ойымдағы сұрақтарды қоя алдым. Қазір видеонұсқасы YouTube арнама шығады. Сіздер үшін ФБ-да қысқа қайырайын деп шештім, — деді ол.

Енді осы әңгімені біз оқырман назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Видеосұхбат төменде жарияланып отыр.

— Желіде Илья Малинин құлап қалған соң ғана Шайдоров алтын медаль алды, жолы болып кетті деген пікірлер көп. Бұған не айтасыз?

— Біріншіден, шын мықтылардың ғана жолы болады. Екіншіден, басқалардың қалай өнер көрсеткеніне, не істегеніне біз жауапты емеспіз. Олар мұны өздері істеді ғой. Михаил Шайдоров абсолютті түрде,  шынайы күресте 100, 200 емес миллион процент жеңіске жетті.

— Десе  де, бұл маусым сіздер үшін оңай басталмады. Жаңадан қойылған қысқа бағдарламадан бас тартып, былтырғы «Дюнаны» қайтардыңыздар…

— Білесіз бе, маусымның ең басты жарысы  — осы Милан мен Кортинадағы Олимпиада ойындары еді. Біз бұл ойында жеңіске жеттік. Біздің басты мақсат – осы ойында сәтті өнер көрсету еді. Ал маусымның басталар шағы не үшін керек? Осындай қателіктерді анықтау үшін керек. Қайсысы жақсы, қайсысы жұмыс істейді, нені қалдырамыз деген сұрақтарға жауап аламыз. Scate America турнирінен соң біз былтырғы «Дюнаны» қайтарамыз деп шештік. Себебі, жаңа бағдарламаны дұрыс сырғанай алмайтынымызды түсіндік. Бұл қалыпты жағдай. Жалғыз Шайдоров емес, көптеген фигуристер бұрынғы бағдарламаға оралып жатады. Бұл  — шығармашылық, бұл – өмір. Бұл шешімге келгеніміз өте дұрыс болды.

— Наурыз айында мәнерлеп сырғанауан әлем чемпионаты өтеді. Сол сыннан Мишаны көре аламыз ба?

— Негізі, мен бапкер ретінде биылғы әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Әлем біріншілігіне барғанымыз дұрыс деп есептеймін.

— Олимпиадаға дайындық кезінде қандай да бір қиындық болды ма? Мемлекет көмек көрсетті ме?

— Көмек жағынан бізде ешқандай проблема болған жоқ. Біздің сұрағанымызды мемлекет 100 емес, 200 пайызға асырып орындап берді. Қолдау жағынан қиындық туындаған жоқ.

Сұхбаттың толық нұсқасы Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасында жарияланды.

Фото: Reuters.

Tags: қысқы ОлимпиадаМилан ОлимпиадасыМилан-2026Михаил Шайдоров
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті тағайындалды

«Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Ең көп оқылған

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Аңыз боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға келісім берді

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

27/03/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

ҚПЛ-де бүкіл төрешілерді қорқытып тастаған…

27/03/2026
4 секундта соғылған гол «Гиннеске» енді

Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді

27/03/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In