• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 20 августа, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

Оның ішінде 12 млрд теңгеге футбол академиясы салынады

19/08/2025
in Енді не істейміз?, Футбол
0 0
0
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қарағанды облысында футболды дамытуға 18,5 млрд теңге инвестиция салынбақ. Оның ішінде 12 млрд теңге футбол академиясын салуға бағытталады, деп хабарлайды 1bol.kz.

Жоба құрамына 3500 көрерменге арналған стадион, жыл он екі ай жұмыс істейтін жабық манеж, жылыту жүйесі бар жаттығу алаңы, жатақхана, медициналық кабинеттер және қосымша инфрақұрылым кіреді.

Қалған 6,5 млрд теңге бұқаралық футболды дамытуға жұмсалады: қалалар мен ауылдарда шағын футбол алаңдарын салу, мектептер мен балабақшаларда спорттық бағдарламаларды іске қосу, турнирлер мен фестивальдер ұйымдастыру, сондай-ақ әйелдер және жастар футболына қолдау көрсету.

2029 жылға дейін бағдарлама 40 мыңнан астам оқушыны және 3600 студентті қамтиды. Футболдық бастамалар өңірдегі 100-ден астам білім беру мекемесінде жүзеге асырылмақ. Ерекше көңіл кадрларды даярлауға бөлінеді: жаттықтырушылар үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары, халықаралық тағылымдамалар және UEFA лицензиясын алу қарастырылған.

Бұл туралы Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының конференциясында мәлім болды. Онда сондай-ақ басшылықтың ауысқаны хабарланды. Өңір әкімі Ермаганбет Бөлекпаев қауымдастық президенті өкілеттігін ресми түрде тоқтатып, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры және Freedom QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турловтың кандидатурасын ұсынды.

Конференцияға қатысушылар бұл тағайындауды қолдады.

Футбол — жай ғана спорт емес. Ол — ауладағы энергия, стадиондағы жігер, жастарды тәртіпке, көшбасшылыққа және командалық жұмысқа жетелейтін жол. Мемлекет пен Президентіміз бұқаралық спорттың осы түрін дамытуға ерекше мән беріп отыр. Тимур Русланұлы, сіз Қарағанды облысында футболды дамытуға стратегиялық көзқарас пен ауқымды жоба ұсындыңыз. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер спортына арналған бастамаларды ерекше атап өткім келеді. Сіздің бастамаларыңыз спорт қауымдастығы мен аймақ тұрғындарынан қолдау табатынына сенімдімін. Өз тарапымнан облыс әкімі ретінде футбол инфрақұрылымын дамытуға әрі бұқаралық спортты ілгерілетуге қолдау көрсетуді жалғастыратынымды жеткіземін, — деді Ермаганбет Бөлекпаев.

Жаңа президент төрт жылға арналған стратегиялық бағдарламаны таныстырды. Негізгі қағидаттары — жүйелі көзқарас, ашық басқару, балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболға басымдық беру.

Футбол үлкен ареналардан емес, аулалардан, мектеп алаңдарынан және допқа алғашқы жанасудан басталады. Оның дамуы үшін түсінікті модель мен нәтижеге жеткізетін мақсатты инвестициялар қажет. Біз дәл осындай жүйені Қарағанды облысында қалыптастырғымыз келеді, — деп атап өтті Тимур Турлов. — Freedom Holding Corp. өңірдегі футболды дамытуға 18,5 млрд теңгеден астам қаржы салуды жоспарлап отыр.

Соңғы үш жылда облыста 161 футбол алаңы мен үш жабық манеж салынды, «Шахтёр» стадионында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды — футбол дәстүрі мықты өңір. Мұнда футбол жай ойын емес, мәдени кодтың бір бөлігі. Біз ондаған жылдар бойы мақтануға болатын жүйе қалыптастыра алатынымызға сенімдіміз, — деп қосты Тимур Турлов.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі.

Tags: Серік СәпиевСпортты дамыту дирекциясыТимур ТурловФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

"Қайрат" – "Селтик" матчы билеттерінің бағасы жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

11/08/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025
«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

«Қайрат» – «Селтик» матчы билеттерінің бағасы жарияланды

19/08/2025
Қазақ баласы еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қарағандыда футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлінеді

19/08/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол

Соңғы Жаңалықтар

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

Ақша бәрін шешпейді: «Қайрат» тарихын жазуға дайын!

19/08/2025
“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

“Селтик” еурокубок аясында 500-ге жуық ойын өткізген

19/08/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұлттық спорт
  • Жекпе-жек
  • Олимпиада
  • Велоспорт

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In