Журналист Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, жұлдызды футболшы жарақатына байланысты командамен бірге жаттығуға қатыспаған. Ол бұл жарақатты «Астанаға» қарсы өткен ойында алған.
Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры аясындағы «Ордабасы» – «Қайсар» кездесуі 20 наурыз күні Шымкентте өтеді.
Айта кетейік, Мозес «Қайсар» сапында алғашқы ойынын екінші турда өткізді. «Астанаға» қарсы матчта ол алаңға 64-минутта шығып, чилилік шабуылшы Томас Джонстың орнына ойынға қосылған еді. Бұл кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған.
Фото: “Қайсар” ФК.














