Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-турында Қызылорданың «Қайсары» Түркістанның «Тұран» клубын 1:0 есебімен тізе бүктірді, деп жазады penalty.kz.
Жеңіс әкелген пенальти
Бірінші таймда қауіпті шабуылдар аз болды, есеп те ашылмады. Үзілістен кейін ойын сәл жандана түсті. 78-минутта төреші “Тұран” қақпасына пенальти белгіледі. Айбар Жақсылықов мүлт кетпей, “Қайсарға биылғы маусымда алғашқы жеңіс сыйлады.
Турнирлік кестедегі жағдай
Қазір қызылордалықтардың еншісінде 7 ұпай. Олар турнир кестесінде 10-орынға көтерілді. Ал “Тұран” болса 11 ұпаймен орта тұсында орналасқан.
“Қайсар” (Қызылорда) — “Тұран” (Түркістан) 1:0 (0:0)
Гол: Жақсылықов 78 (пенальтиден)
Фото: instagram/@fckaysar_official.