Қызылордалық «Қайсар» командасының ойыншылар, жаттықтырушылар және қызметкерлер алдында өтелмеген берешегі бар, деп хабарлайды ASnews.kz.
Өткен жылдары ойнаған кейбір шетелдік ойыншылар клубқа қарсы Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясына (ФИФА) шағым түсірген, енді «Қайсарға» кезекті рет трансферлік тыйым салынуы мүмкін.
2025 жылы өнер көрсеткен ойыншылар әлі клуб басшылығымен болашақ жайында сөйлескен жоқ. Олардың көпшілігіне ҚПЛ-дың басқа командаларынан ұсыныс түскен.
Клуб қызметкерлері мен футбол орталығындағы жаттықтырушыларға келетін болсақ, көпшілігі қашықтықтан жұмыс істеуге ауысып, біразы белгісіз мерзімге демалысқа жіберілген.
Жақында ғана «Қайсарды» Исламғали Қозбақов өз иелігіне алды.
Фото: Қайсар ФК.














