18 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Азамат Тұяқбаев Англия бірінші дивизионында өнер көрсететін клубтың назарына ілікті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Тараз қаласының тумасын турнирлік кестенің жоғары сатысында тұрған команданың скауттары бақылап отыр. Бұл клубты кезінде аты әлемге әйгілі болған аңыз футболшы жаттықтырады екен.
Тұяқбаевқа деген қызығушылық әзірге нақты емес. Бірақ УЕФА Жастар лигасында сәтті өнер көрсеткеннен кейін британдық клуб футболшыға ұсыныспен келуі мүмкін.
18 жастағы вингер «Спортингке» қарсы ойында дубль жасаған болатын (2:3). Сонымен қатар Бірінші лигада соққан 10 голы мен QJ лигада жасаған жеті нәтижелі әрекеті бар.
Фото: Азамат Тұяқбаев.