«Kassim – Это Футбол» YouTube-каналына сұхбат берген Шахмұрат өзін болашақта Қазақстан құрамасында көретінін жасырмады.
«Әрине, мен Қазақстан құрамасы үшін ойнаймын, өйткені бұл менің Отаным. Күні бүгінге дейін осы елде тұрдым. Сондықтан, маған таңдау туса — мен Қазақстанды таңдаймын. Өзіңнің шыққан жеріңді ұмытпау керек. Мені дақын күндері ұлттық құрама сапында күтіңіздер. Қазақстанды әлем чемпионатына шығарамын», — деді Дәулетов.
Айта кету керек, қазақ футболшысы бұған денйін Түркияның «Антальяспоры» мен Бельгияның «Беерсхот» клубтарында ойнап үлгерген.
Фото: ФК «Генк».













