• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET акция
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

«Қайраттың» мүмкіндігі 60 пайыз — Болат Есмағамбетов

Уразбахтин де, Роджерс те бір-бірін не құраммен, не тактикамен таңғалдыра алған жоқ

25/08/2025
in Футбол
0 0
0
«Қайраттың» мүмкіндігі 60 пайыз — Болат Есмағамбетов
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
20 тамыздан 21-іне қараған түні алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп жазады 1bol.kz.

Шотландияның Глазго қаласында өткен матчта Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері «Селтикке» қарсы алаңға шығып, қарсыластар тең есеппен тарқасты — 0:0. Қарымта матч 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Осы орайда қазақстандық белгілі футбол маманы Болат Есмағамбетов алғашқы матчқа қатысты пікір білдіріп, «Қайраттың» алдағы ойынына болжам жасады.

«Шотланд футболы маған аса ұнай бермейді. Өйткені олар ойнайтын футбол «ақылды футболға» жатпайды, бәлкім, өздерінің менталитеті солай шығар. Олар үшін ойын – тек айқас.Көпшілік «Селтик» жан-жақтан шабуылға лап қояды деп болжады. Бірақ олай болмады. Керісінше, қауіпті сәттер тұрғысынан «Қайраттың» басымдығы байқалды. Уразбахтин де, Роджерс те бір-бірін не құраммен, не тактикамен таңғалдыра алған жоқ. «Қайрат» батыл шабуылдады, қақпа маңында қауіпті сәттер жасады. Өкінішке қарай, нысанаға дәл түспеді. Дегенмен қорғаныста жатып алмай, орталықтағы пас алмасуы ұнады. Жігіттер комбинация жасауға ұмтылды, — деді ол Sports.kz басылымына берген сұхбатында.

Маман алматылық футболшылардың қорғанысқа жатып алмай, шабуылда да ширақ болғанын айтады.

«Екінші таймда екі жақта да гол соғатын мүмкіндік болды. Әуелі Александр Заруцкий қақпаны аман сақтап, кейін доп бағанадан қайтты. Ал біраздан соң Эдмилсон қарсыластың қақпасына қауіпті соққы жасады, бірақ «Селтик» қорғаушысының қателігін пайдалана алмады.Бастысы, «Қайрат» өз қақпасына қамалып қалмай, қарсыласын ортаңғы аймақта күтіп алды. Сондықтан қорғанысқа ерекше тоқталғым келеді».

Болат Есмағамбетовтің сөзінше, ойыншылардың өзара түсіністігі өте маңызды және сол «Селтикпен» өткен ойында көрінді деп отыр.

«Футболдағы қорғаныс – өте нәзік құрылым. Жаттықтырушылар әдетте оны жиі өзгерте бермейді. Соңғы ҚПЛ матчы алдында «Қайрат» үш гол жіберіп алған еді, ол кезде қорғаныста ротация жасалды. «Селтикке» қарсы ойында негізгі жұп – Александр Мартынович пен Егор Сорокин қайта оралды. Қорғаныстың сенімділігі үш нәрсеге сүйенеді: ойыншылардың өзара түсіністігі, бір-біріне көмектесуі және дұрыс бағыт-бағдар беруі. Егер осының бірі кем болса, оның соңы құлдырауға апарады. Бірақ бұл жолы тәртіп болды, сондықтан команда өзін сенімді ұстады», — деп қосты ол.

Сарапшының қақпашылар өнеріне де көңілі толған:

«Қақпашыларды да ерекше атап өткен жөн. Заруцкий де, ойынға кейін қосылған Темірлан Анарбеков те сенімді ойнады. Футболда қақпашы – команданың жартысы. Ол қиын сәттерде құтқарып отыруы керек. Біздің қақпашылар дәл сол міндетті орындап шықты, бұл өз кезегінде командаластарына сенімділік сыйлады».

Есмағамбетов Алматыда «Қайраттың» жеңіске жетуге мүмкіндігі көбірек деп санайды.

«Матч тең дәрежеде өтті. «Селтик» допты көбірек ұстағанымен, ол ештеңе шешпейді. Бұдан ұпай бермейді. Қазір негізгі кезеңге өту мүмкіндігі 60-қа 40 болып тұр, «Қайраттың» пайдасына. Алматы командасының тарихқа еніп, Еуропаның элиталық клубтарының қатарына қосылуына тамаша мүмкіндік бар. Күрес әлі аяқталған жоқ, қарымта матчта «Селтик» те, «Қайрат» та тәуекелге барады. Біз екінші ойынды асыға күтеміз. Алматылықтарға шын жүректен жеңіс тілеймін!» — деп қорытындылады ойын.

Фото: Әлеуметтік желі.

Tags: "Селтик" ФК«Қайрат» ФКUEFA Чемпиондар лигасыБолат ЕсмағамбетовРафаэль Уразбахтин
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Қайраттың» мүмкіндігі 60 пайыз — Болат Есмағамбетов

Абдукодир Хусанов семіріп кетіпті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

15/10/2025
Рыбакина жылдың қорытынды турниріне қатыса ала ма

Қазақстан құрамасының FIFA рейтингідегі орны жоғарылады

15/10/2025

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15/10/2025
Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

Канноваро Өзбекстан құрамасымен бірге алғашқы жеңілісіне ұшырады

15/10/2025

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In