Егор Ткаченко мен Ян Труфанов «Атырау» футбол клубының сапында ойнайды, деп хабарлайды «Қайрат» ФК баспасөз қызметі.
— «Қайрат» ФК мен «Атырау» ФК футболшылардың ауысуына қатысты келісімге келді. Екі ойыншы да клубымыздың түлектері. Жігіттерге клубтың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, әрі қарайғы мансаптарында сәттілік тілейміз! — делінген хабарламада.
Егор 2022 жылғы сәуірде Премьер-лигада «Тұранға» қарсы негізгі команда сапында дебют жасады. Сары-қаралар құрамында қорғаушы 39 матч өткізіп, бір нәтижелі пас жасады.
Ян алғаш рет негізгі команда сапында 2022 жылғы шілдеде ойнады. «Қайрат» құрамында форвард 22 матч өткізіп, 4 гол соқты.
Фото: «Қайрат» ФК.














