• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 26 января, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

«Қайраттың» чемпиондық құрамында қандай өзгеріс бар

Әзірге команда сапын Яакко Оксанен ғана толықтырды

09/01/2026
in Футбол, Чемпиондар Лигасы
0 0
0
«Қайраттың» чемпиондық құрамында қандай өзгеріс бар
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан Премьер-лигасында топ жарып, клуб тарихында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет жолдама алған «Қайраттың» құрамында 2025 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өзгеріс болды.

Ел біріншілігінде ғана емес, Еуропада аты шыққан алматылық команданың құрамында ауыс-түйіс кезеңі басталды. Бүгінге дейін «Қайрат» сапынан 5 ойыншы кетіп, әзірге бір легионер команда қатарын толықтырды. Келісімшарты аяқталған футболшылардың біреуі қазақстандық болса, қалған төртеуі – шетелдіктер.

Алдымен 37 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Паулу жуырда төрт маусымға созылған қызықты кезеңнен кейін алматылық «Қайратпен» келісімшартын тоқтатты. Өткен маусым бұл шабуылшы үшін оңай болған жоқ – ол тізе жарақатына байланысты жасыл алаңға шығып, командаға көмегін тигізе алмады. Дегенмен, сұрмерген футболшының статистикасы көңіл көншітеді. Атап айтқанда ол «Қайрат» сапында 47 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. Бұған дейін бразилиялық ойыншы шымкенттік «Ордабасы» сапында 50 голдың өз атына жазды.

Бұдан соң алматылық команда 32 жастағы қақпашы Александр Заруцкиймен қоштасты. Ол клубқа 2025 жылдың басында қосылып, соңғы турларды қоспағанда ел чемпионатында негізгі қақпашы болды. «Селтикке» қарсы ойында жарақат алғанға дейін Чемпиондар лигасының іріктеуі кезеңіндерінде қақпаны қорғады. Жалпы «Қайрат» сапында 24 матч өткізіп, оның 9-ында қақпасына гол өткізген жоқ. Қазіргі кезде Заруцкий – «Ақтөбе» командасының ойыншысы.

Одан кейін 32 жастағы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантана келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан кетті. Сантана команда қатарына 2024 жылдың маусым айында қосылып, осы уақыт ішінде Қазақстанның екі дүркін чемпионы болған. Бірақ 2025 жылдың басында ауыр жарақат алып, маусымның соңына дейін қатардан шығып қалды. «Қайрат» сапында ол 31 матч өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ «Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кеткенін жазғанбыз.

Олар – 28 жастағы жартылай қорғаушы Гиорги Зариа мен 27 жастағы израильдік Офри Арад. «Қайрат» сапына 2024 жылдың басында қосылған Гиорги жалпы 59 матч өткізіп, 16 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. 2024 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының үздік жартылай қорғаушысы атанды. 2025 жылы ол жарақатына байланысты біраз ойыннан тыс қалғанымен, ішкі біріншілік пен Чемпиондар лигасында өз үлесін қосып үлгерді.

Ал Офри «Қайратқа» 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде ойнады. Келесі маусымда жартылай қорғаушы позициясына ауысып, команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды. Арад клубқа 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атануға, 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. «Қайрат» сапындағы соңғы матчында ол «Джузеппе Меацца» стадионында «Интердің» қақпасына гол соқты (1:2). Алматылық клуб құрамында үш маусым ішінде Офри Арад 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Әзірге алматылық команда сапын финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен ғана толықтырды. 25 жастағы ойыншымен келісім 2027 жылғы желтоқсанға дейін жасалған.

2022 жылдан бері «Қайратқа» қосылған дейін Яакко «КуПС» командасында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Ол Финляндия ұлттық құрамасында 1 матч, U-21 жастар құрамасында 15 матч ойнап үлгерген. Еске салайық, жартылай қорғаушы «КуПС» құрамында «Қайратпен» UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездесті. Екі матчтың қорытындысы бойынша алматылықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұдан бұрын БАҚ пен әлеуметтік желілерде ресейлік қорғаушы Егор Сорокиннің клубтан кететіні туралы сыбыс тарады. Желідегі мәліметке сәйкес, ол қаңтар айындағы Чемпиондар лигасының ойындарында «Қайратқа» көмектесу үшін бір айға жаңа келісімшарт жасасқан. Содан кейін оның ұжымнан кетуі ықтимал. Сонымен қатар БАҚ беттерінде Беларус ойыншысы Валерий Громыконың түркиялық клубқа ауысуы мүмкін екені айтылды.

Фото: instagram/f.c.kairat.

Tags: «Қайрат» ФКUEFA Чемпиондар лигасыҚПЛтрансфер
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
«Қайраттың» чемпиондық құрамында қандай өзгеріс бар

«Қайрат» – «Брюгге» ойынына билеттер сатылымға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Ең көп оқылған

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

«Астана» тәжірибелі қорғаушымен толықпақ

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

26/01/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

16 жастағы қазақ баласы Бельгия чемпионатында гол салды

26/01/2026
Магомед Адиев командасы банкрот деп танылуы мүмкін

Ұлттар лигасы 2026/2027 – Ұлттық құрама қарсыластары кімдер?

26/01/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In